САЛААРАЛЫҚ СИНЕРГИЯ ЖӘНЕ ЖАҺАНДЫҚ КҮН ТӘРТІБІ: KIOSH, NDT QAZAQSTAN ЖӘНЕ KTIF 2026 ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
2026 ЖЫЛҒЫ 28-30 СӘУІР АРАЛЫҒЫНДА ҚАЗАҚСТАНДА 14-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ KIOSH 2026 КОНФЕРЕНЦИЯСЫ МЕН КӨРМЕСІ, 5-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «БҰЗБАЙТЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА» NDT QAZAQSTAN 2026 КӨРМЕСІ, СОНДАЙ-АҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТОҚЫМА ӨНЕРКӘСІБІ KTIF 2026 ФОРУМЫН БІРІКТІРГЕН АУҚЫМДЫ САЛАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР КЕШЕНІ ӨТТІ.
Аталған іс-шаралар кәсіби қауымдастықтың жоғары деңгейдегі қатысуын, күн тәртібінің өзектілігін және бизнес, мемлекеттік құрылымдар мен халықаралық ұйымдар тарапынан тұрақты қызығушылықты көрсеткен маңызды салааралық платформаға айналды.
Негізгі іс-шара KIOSH 2026 көрмесі болды, оған Әзербайжан, Бельгия, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Латвия, Ресей, Түркия және Өзбекстанды қоса 9 елден 92 компания қатысты. Қатысушылардың жалпы санының ішінде 48 компания Қазақстан атынан қатысса, 44-і шетелдік экспоненттер болды, бұл халықаралық қатысудың жоғары деңгейін растайды. Сонымен қатар, 18 компания үшін көрмеге қатысу дебюттік болды, бұл алаңға деген қызығушылықтың артып, салаға жаңа ойыншылардың тартылып жатқанын көрсетеді.
Халықаралық экспоненттер мен көрменің белсенді аудиториясының осындай үйлесімі арқасында көрмелер нарықтың түрлі сегменттері үшін тартымды алаңға айналды. Үш күн ішінде іс-шараларға барлығы 3 819 кәсіби маман қатысты, бұл саланың осындай алаңдарға деген қызығушылығының артып келе жатқанын дәлелдейді.
Көрменің іскерлік бағдарламасы мазмұнды болды және Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының практикалық семинарларын, сессияларын, воркшоптары мен мастер-кластарын қамтыды. Қосымша ретінде «ЭНЕРГОКОНТРАКТ» компаниялар тобы, «Современные Технологии Мониторинга» ЖШС, ИНФОРМ ГЛОБАЛ ПРОЕКТ ЖШС ұйымдастырған мамандандырылған семинарлар, сондай-ақ «Глобал Спецодежда ӨБ» ЖШС-нің биіктіктегі жұмыстар бойынша мастер-классы өтті. Қатысушылардың ерекше назарын ПЕРВАЯПОМОЩЬ.KZ ұйымы өткізген естен тану және жүрек тоқтауы кезінде алғашқы көмек көрсету бойынша мастер-классы аударды, ол еңбекті қорғау жүйесіндегі практикалық дағдылардың маңыздылығын көрсетті.
KIOSH 2026 конференциялық бөлігі Австралия, Әзербайжан, Венгрия, Үндістан, Қазақстан, Литва, Ресей және Швейцарияны қоса алғанда 8 елден келген 62 спикерді біріктірді. Бағдарлама саланы дамытудың негізгі бағыттарын қамтитын 11 мамандандырылған сессия мен бизнес-ойынды қамтыды. Бірінші күн аясында, 28 сәуірде, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы озық үрдістер мәселелері талқыланды. Орталық оқиға «Жасанды интеллект: Қазақстан қауіпсіздіктің жаңа моделін қалай қалыптастырып жатыр» атты стратегиялық пленарлық сессия болды. Сондай-ақ «Кәсіби тәуекелдерді басқару жүйесіндегі заманауи тәсілдер мен цифрлық шешімдер», «Тәуекелдерді болжауға арналған ЖИ және аналитика», «Еңбек трансформациясы дәуіріндегі әлеуметтік сақтандыру: жауапкершіліктің жаңа архитектурасы және жасанды интеллекттің рөлі», «Өнеркәсіптік медицина: жаңа реттеуші талаптар және енгізу тәжірибелері» атты панельдік сессиялар өтті. Бағдарламаның маңызды элементі Халықаралық еңбек ұйымының «Өзгермелі әлемдегі қауіпсіз және салауатты еңбек: жаһандық трендтер, цифрландыру, әлеуметтік диалог» атты сараптамалық сессиясы болды.
Екінші күн, 29 сәуір, корпоративтік қауіпсіздік мәдениетін дамытуға және тәуекелдерді басқарудың заманауи тәсілдеріне арналды. Бұл күні «Кәсіпорын мәдениетінің бір бөлігі ретіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікке назар» атты панельдік сессия, HSE Leadership panel «Сыни тәуекелдерді қалай басқаруға және ірі инциденттердің алдын алуға болады», сондай-ақ «Тұйық кеңістіктегі жұмыстар» атты тренинг-сессия өтті. Бағдарламаның қорытынды элементтері ретінде KIOSH 2026 нәтижелері шығарылған форсайт-сессия және қатысушыларға алған білімдерін интерактивті форматта бекітуге мүмкіндік берген Safety Games викторина форматындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау турнирі ұйымдастырылды.
Мемлекеттік серіктес — Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Стратегиялық серіктес — Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты
Алтын серіктестер — «Еуразиялық Топ» ЖШС, Глобал-Спецодежда және Global Safety
Күміс серіктестер — «Қазмырыш» ЖШС және KazMinerals тобы
Қола серіктестер — UCO, Техноавиа және IOSS
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы, Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы, «KAZENERGY Мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі, PARYZ Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы, сондай-ақ IOSH, ORP, PEROSH халықаралық ұйымдары, «QazTextileIndustry жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ұлттық бірлестігі» заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер одағы мен Petro Mining ресми қолдау көрсетті.
KIOSH 2026 көрмесімен қатар 3 елден: Қазақстан, Қытай және Ресейден, 8 компания қатысқан 5-ші Қазақстандық халықаралық «Бұзбайтын бақылау және техникалық диагностика» NDT Qazaqstan 2026 көрмесі өтті. 29 сәуірде өткен іскерлік бағдарлама «Бұзбайтын бақылау — Қазақстандағы өнеркәсіптік қауіпсіздік пен тұрақты дамудың негізі» атты пленарлық сессияны, сондай-ақ «Мұнай-газ объектілерін диагностика және мониторингтеу: коррозия, сутектік тәуекелдер, сенімділік» атты мамандандырылған сессияны қамтыды. Талқылау тақырыптары инфрақұрылым қауіпсіздігі мен тұрақты өнеркәсіптік дамуды қамтамасыз етудегі диагностикалық технологиялардың маңызды рөлін айқындады.
Іскерлік бағдарламаның толықтырушы элементі ретінде Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми қолдауымен 28 сәуірде өткен Қазақстандық тоқыма өнеркәсібі форумы KTIF 2026 болды. Форум аясында «Қазақстандағы тоқыма өнеркәсібін мемлекеттік қолдау шаралары» атты пленарлық сессия өтті, онда саланы ынталандырудың негізгі тетіктері қарастырылды. Сессияға Kazakhstan Fashion Week, AGF Group, Retail Partners, сондай-ақ QazTrade, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі, «Даму» КДҚ және «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысты. Сонымен қатар QazIndustry, ҚазТБУ, АТУ және басқа ұйымдардың қатысуымен «Тоқыма саласына арналған кадрлар» атты үшжақты диалог өтті, оның аясында мамандар даярлау және адами капиталды дамыту мәселелері талқыланды.
Осылайша, іс-шаралар өнеркәсіптік қауіпсіздік, технологиялық диагностика және тоқыма индустриясы мәселелерін біріктіре отырып, экономиканың негізгі салаларын дамытуға кешенді тәсілді көрсетті. Қатысушылардың кең географиясы, мазмұнды іскерлік бағдарлама және сарапшылардың жоғары деңгейдегі қатысуы бұл алаңдардың білім алмасу, инновацияларды енгізу және ұлттық әрі халықаралық деңгейде тұрақты кәсіби байланыстар қалыптастыру үшін тиімді құрал ретіндегі маңыздылығын растады.
Іс-шараларды ұйымдастырушы — Қазақстандық халықаралық көрме компаниясы Iteca және оның халықаралық серіктесі ICA Events компаниялар тобы.


