5-ші Қазақстандық халықаралық «Бұзбайтын бақылау және техникалық диагностика» көрмесі
5-ші Қазақстандық халықаралық «Бұзбайтын бақылау және техникалық диагностика» көрмесі

NDT Qazaqstan 2026

5-ші Қазақстандық халықаралық «Бұзбайтын бақылау және техникалық диагностика» көрмесі

Сіздерді 2026 жылдың 28–30 сәуірі аралығында өтетін «Бұзбайтын бақылау және техникалық диагностика» – NDT Qazaqstan атты 5-ші Қазақстандық халықаралық көрмеге шақырамыз. Көрме Астана қаласында, Мәңгілік Ел д-лы. 53/1, «EXPO» халықаралық көрме орталығында өтеді.

NDT Qazaqstan— бұл Қазақстандағы бұзбайтын бақылау (ББ), техникалық диагностика (ТД), мониторинг және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заманауи технологиялар мен шешімдерге арналған жалғыз салалық іс-шара.

NDT Qazaqstan— бұзбайтын бақылау және техникалық диагностика саласының жетекші мамандары мен сарапшыларын біріктіретін бірегей кәсіби алаң. Іс-шара қатысушылары өздерінің заманауи өнімдері мен қызметтерін ұсынумен қатар, ББ және ТД саласындағы соңғы жетістіктермен, инновациялармен және әзірлемелермен таныса алады. Көрме тәжірибе алмасуға, кәсіби білімді кеңейтуге және саланың дамуына ықпал ететін әрі серіктестік байланыстарды нығайтатын маңызды іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік беретін тиімді алаң болмақ.

NDT Qazaqstan 2026 көрмесіне стендпен қатысудың құны мен шарттарын біліңіз.
Сұрақтар туындаған жағдайда хабарласыңыз: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


Неліктен Қазақстан?

  • Стратегиялық орналасуы: Қазақстан — Орталық Азиядағы ең ірі экономика, Еуропа, Ресей және Қытай арасындағы логистикалық және өнеркәсіптік хаб рөлін атқарады.

  • Өнеркәсіптің дамуы: Елде мұнай-газ, энергетика, тау-кен және көлік салалары белсенді дамуда, мұнда ББ және ТД қауіпсіздік пен тиімділік үшін аса маңызды.

  • Мемлекеттік қолдау: Қазақстан сапа мен қауіпсіздік бойынша халықаралық стандарттарды белсенді енгізіп келеді, бұл заманауи бақылау және диагностика технологияларына сұранысты арттырады.


Көрменің мақсаты:

  • Инновацияларды көрсету: ББ және ТД саласындағы ең жаңа әзірлемелерді, жабдықтарды, бағдарламалық және цифрлық шешімдерді ұсыну.

  • Тәжірибе және білім алмасу: Мемлекет пен бизнес — өндірушілер, жеткізушілер, сарапшылар мен сала мамандары арасындағы диалог алаңын құру.

  • Саланы дамыту: Қазақстан өнеркәсібіне озық технологияларды енгізуге ықпал ету.

  • Білім және сертификаттау: Көрменің іскерлік бағдарламасы аясында панельдік сессиялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, мастер-кластар және басқа да іс-шаралар өткізу арқылы мамандардың біліктілігін арттыру.


Экспонент-компаниялар үшін артықшылықтар:

  • Жаңа нарықтарға шығу: Қазақстанмен қатар, жақын және алыс шетелден келген кең аудиторияға өз өнімдері мен қызметтерін ұсыну мүмкіндігі.

  • Тікелей байланыс: Мемлекеттік құрылымдар, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар, ғылыми-зерттеу институттары және салалық қауымдастықтар өкілдерімен кездесулер өткізу.

  • Брендті нығайту: Компанияның халықаралық деңгейдегі танымалдығын арттыру.

  • Серіктестік байланыстар: Жаңа іскерлік қатынастар орнатып, өзара тиімді келісімшарттар жасау.

  • Іскерлік бағдарламаға қатысу: Баяндама жасау, презентация немесе мастер-класс өткізу мүмкіндігі.


Көрме бөлімдері

  • Бұзбайтын бақылау (ББ) әдістері
  • Техникалық диагностика
  • Бақылау-өлшеу жабдықтары
  • Бағдарламалық қамтамасыз ету және цифрлық шешімдер
  • Материалдар мен технологиялар
  • Білім беру және сертификаттау

Өнеркәсіптік қолдану салалары:

Бұзбайтын бақылау және техникалық диагностика мұнай-газ, металлургия, химия, атом, ғарыш және авиация өнеркәсібі, машина жасау және коммуналдық шаруашылық, сондай-ақ құрылыс пен көлік (теміржол, теңіз және өзен) салаларында кеңінен қолданылады.

Анықтамалық ақпарат: Бұзбайтын бақылау (ББ) және техникалық диагностика (ТД) өнім сапасын тексеру, материалдар мен құрылымдардың жағдайын бағалау, ақауларды анықтау, сондай-ақ әртүрлі нысандар мен жабдықтардың (мысалы, құбырлар, резервуарлар, көтергіш құрылғылар және энергетикалық қондырғылар) бүтіндігін сақтай отырып, олардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін қолданылады.